Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр

Алматы облысында қатерлі ісіктерді ерте анықтау, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізу жұмыстары жалғасуда. Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында өткен көшпелі баспасөз мәслихатында өңірдегі онкологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара аясында өкпе обырының алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындар мамандардан кеңес алып, қажетті медициналық тексерулерден өту мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі уақытта Алматы облысында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған үш скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Олар жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек обырын анықтауға бағытталған.

Барлық тексеру тегін жүргізіледі. Скрининг алғашқы тестілеуден бастап, медициналық көрсеткіш болған жағдайда тереңдетілген диагностика мен морфологиялық зерттеулерді де қамтиды.

2026 жылдың алғашқы жеті айында облыста онкологиялық скринингтен 178 464 адам өткен. Оның ішінде жатыр мойны обыры бойынша 46 820, сүт безі обыры бойынша 59 724, ал тоқ ішек обыры бойынша 71 920 адам тексерілген.

Нәтижесінде жатыр мойны обырының 20, сүт безі обырының 64 және колоректалдық обырдың 13 жағдайы анықталған. Олардың 40 пайыздан астамы бірінші сатыда тіркелген.

Сонымен қатар тексеру кезінде обыр алды жағдайлар мен басқа да созылмалы аурулар анықталып, пациенттер әрі қарай емдеуге және динамикалық бақылауға жіберілген.

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы директорының орынбасары Бауыржан Аджибаев қатерлі ісікті ерте анықтау емнің нәтижесіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Онкологиялық ауруларды емдеуде ең маңызды факторлардың бірі – уақыт. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емнің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан скринингке қатысу, алғашқы белгілерге мән беру және профилактикалық тексеруден уақытылы өту – онкологиялық аурулардан болатын асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудің негізгі жолдарының бірі», – деді Бауыржан Аджибаев.

Оның айтуынша, негізгі міндет – заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін өңір тұрғындары үшін қолжетімді етіп, медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыру.

Клиникада онкологиялық көмек диагностикадан бастап хирургиялық, дәрілік және сәулелік емге дейінгі кешенді тәсіл негізінде көрсетіледі.

Медициналық ұйымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хирургия кафедрасы, сондай-ақ онкология, урология, маммология және химиотерапия бағыттары бойынша оқу базалары жұмыс істейді. Бұл мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи клиникалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Онкогинекологияда лапароскопиялық хирургия, гистероскопия, ICG технологиясы арқылы лимфа түйіндерін картографиялау және көрсеткіш бойынша сентинелдік лимфа түйіндерін анықтау әдістері қолданылады.

Эндометрий обыры кезінде молекулалық диагностика жүргізіліп, MMR және p53 маркерлері зерттеледі. Нәтижесінде ісіктің ерекшелігін нақты бағалап, әр пациентке жеке емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік бар.

Клиника мамандары сүт безі обыры бойынша скринингтің маңыздылығына да тоқталды.

«Сүт безі обыры ерте анықталған жағдайда емдеу нәтижесі айтарлықтай жоғары болады. Сондықтан әйелдердің скринингке уақытылы қатысуы өте маңызды. Кез келген күмәнді өзгеріс анықталған жағдайда пациентті қосымша тексеруге бағыттап, диагнозды нақтылау қажет», – деді онкомаммолог Дәулет Айдаров.

2025 жылғы мәлімет бойынша, жатыр мойны, жатыр денесі және аналық без обыры бойынша жаңадан анықталған жағдайлар саны 240-тан 252-ге дейін өскен. Осы үш нозология бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер саны 2177-ден 2307 адамға артқан.

Алдағы уақытта облыста онкологиялық ауруларды ерте анықтау шараларын күшейту, молекулалық диагностиканы кеңейту, аз инвазивті хирургияны дамыту және заманауи дәрілік емдеу тәсілдерін енгізу жоспарланып отыр. Медициналық кадрлардың практикалық біліктілігін арттыруға да басымдық берілмек.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап өкпе обырына скрининг енгізу жоспарланған. Мамандардың мәліметінше, бұл бағыттың маңызы жоғары, өйткені өкпе обыры онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында бірінші орында тұр.

Алматы облысының онкологиялық қызметінің негізгі мақсаты – қатерлі ісікті мүмкіндігінше ерте анықтап, заманауи медициналық технологиялар мен мамандардың тәжірибесін ұштастыру арқылы пациенттерге сапалы әрі жекелендірілген медициналық көмек көрсету.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.08.2026

Қоғам зорлық-зомбылыққа қарсы

Диана Ахметова
17.08.2026

Жол жүру тәртібі – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
17.08.2026

Ішімдікке жол жоқ

Диана Ахметова
17.08.2026

Жаңа Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
17.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz