Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында патриоттық рухты нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мерекелік шара Қонаев қаласының орталық алаңында ұйымдастырылды.

Мерекелік шара Қонаев қаласының орталық алаңында ұйымдастырылды. Оның ең әсерлі сәттерінің бірі – арнайы тікұшақтың Қазақстанның Мемлекеттік Туын көк аспанға көтеруі болды. Қонаев аспанында қалықтаған Көк Ту жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, тәуелсіз елдің айбыны мен бірлігінің символына айналды.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік Елтаңбаның тарихи және рухани маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар салтанатты түрде ант беріп, өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Облыс басшысы өз сөзінде 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітіліп, ел тарихындағы жаңа кезең басталғанын атап өтті.

«Шәкен Ниязбековтің Көк Туы, Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың Елтаңбасы, кейіннен Шәмші Қалдаяқовтың әуенімен толыққан Әнұран ұлттық болмысымыздың және азаттық рухымыздың мәңгілік нышанына айналды. Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін құдіретті күш бар», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық рәміздерді Тәуелсіздіктің киелі бойтұмары ретінде бағалағанын еске салып, олардың ел егемендігі мен мемлекеттілігінің басты белгілерінің бірі екенін айтты.

Сондай-ақ биылғы мерекенің маңызы ерекше екенін атап өткен облыс әкімі Жаңа Конституция негізінде жүзеге асып жатқан реформаларға тоқталды. Оның айтуынша, «Рәміздер рухы – Конституция күші» жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында қоғамда ұлттық құндылықтарға деген құрмет артып келеді.

Мерекелік жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғам өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың қатарында Қарасай ауданындағы Шалқар орта мектебінің директоры, білім беру саласында 40 жылға жуық еңбек еткен Бану Аманова да бар. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.

«Бұл марапатты өзімнің ғана емес, бүкіл ұстаздар қауымының еңбегіне берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз мәңгі жасай берсін,» – деді марапат иесі.

Шара соңында мемлекеттік қызметтің түрлі саласында еңбек жолын бастаған жас мамандар Қазақстан халқына адал қызмет етуге және Конституция талаптарын мүлтіксіз сақтауға ант берді.

Осылайша Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар патриоттық рухты көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz