Бірнеше күнге созылған жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар түрлі биіктіктегі бағыттар бойынша бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
100 сантиметрлік бағытта әуесқой спортшылар бақ сынады.
Бұл санатта Тельман Томирис «Голд» сәйгүлігімен барлық кедергіден айып ұпайынсыз өтіп, 56,47 секунд нәтижемен чемпион атанды.
Күміс жүлдені Александр Кузевуанов («Бон Шеваль») иеленсе, қола медаль Элина Герасименкоға («Валдай») бұйырды.
12–17 жас аралығындағы спортшылар қатысқан 110 сантиметрге дейінгі бағытта Яна Жемчужина «Бавария» сәйгүлігімен үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орынды Алина Бигалиева («Hi Diarado»), ал үшінші орынды Ансар Жұмабеков («Astra») жеңіп алды.
130 сантиметрлік бағыттағы бәсеке де тартысты өтті.
Бұл сында Нурилла Турисбекова «Кьюбель» сәйгүлігімен негізгі кезеңде де, қайта секіруде де бірде-бір қателік жібермей, алтын медальді жеңіп алды.
Күміс жүлде Яна Жемчужинаға («Бавария»), ал қола Ксения Баталоваға («Леди Ди») бұйырды.
5–6 жастағы жас жылқылар арасында өткен 120 сантиметрге дейінгі бағытта Бекжан Байжанұлы «Conquistador» сәйгүлігімен бірінші орынға ие болды.
Екінші нәтижені Шыңғыс Маликаждар «Караэль» атымен көрсетті.
Six Bar Jump-off сайысында 170 сантиметр бағындырылды
Чемпионаттың ең әсерлі кезеңдерінің бірі – Six Bar Jump-off сайысы болды.
Бұл жарыста Нурилла Турисбекова «Кьюбель» сәйгүлігімен 170 сантиметр биіктіктегі кедергіні сәтті бағындырып, абсолютті жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Аян Ғани («Froschkonig K») 160 сантиметр нәтижемен иеленді.
Ал үшінші орынды Бекжан Байжанұлы («First of All») мен Шыңғыс Маликаждар («Манфрет Эвонс») 140 сантиметр көрсеткішімен өзара бөлісті.
Қазақстандағы конкур спорты қарқын алып келеді
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысында өткен ел чемпионаты конкур спортының дамуына серпін беріп, жас спортшылардың тәжірибе жинауына және халықаралық жарыстарға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Соңғы жылдары Қазақстанда ат спортына қызығушылық артып келеді. Әсіресе, халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылатын конкур жарыстары кәсіби шабандоздармен қатар жас спортшылардың да шеберлігін шыңдауға маңызды алаңға айналып отыр.





