Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – вирус тудыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның негізгі тасымалдаушылары – кенелер. Мамандар тұрғындарды табиғатқа шыққанда және малмен жұмыс істеген кезде сақ болуға шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламованың айтуынша, инфекция адамға кене шаққанда, оны қолмен езгенде, жануарлар мен адамдардан кенені алған кезде, сондай-ақ малдың қанымен жанасқанда, оны сою немесе бөлшектеу барысында жұғуы мүмкін.

Ауру жұқтыру қаупі жоғары топтарға шопандар, сауыншылар, мал өсірушілер, жеке мал ұстайтын тұрғындар, егін шаруашылығымен айналысатын адамдар және медицина қызметкерлері жатады.

Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эндемиялық аумақтарға Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары кіреді. Алматы облысы бұл ауру бойынша эндемиялық аймаққа жатпайды. Дегенмен өңір Жамбыл облысымен шектесетіндіктен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл сайын сыртқы ортаға мониторинг жүргізеді.

Маман мәліметінше, биыл зертханалық зерттеу үшін 100 кене алынып, тексерілген. Нәтижесі теріс шыққан.

Сондай-ақ табиғатта болған кезде денені толық жауып тұратын киім киген жөн. Кенелер көбіне аяққа жабысып, киімнің үстімен жоғары қарай жылжиды. Сондықтан шалбарды етікке немесе резеңкесі тығыз шұлыққа салып, киімнің жоғарғы бөлігін шалбардың ішіне кіргізу қажет. Жейденің жеңі қолға тығыз жабысуы керек, ал шашты орамал немесе бас киімнің астына жасырған дұрыс.

Ашық түсті киім киген жөн, себебі мұндай киімнен кенені байқау оңай. Орманда немесе табиғат аясында тұрақ пен түнейтін жерді шөбі жоқ аумақтан таңдаған дұрыс. Табиғатқа шығар алдында кенеден қорғайтын репелленттерді пайдалану ұсынылады.

Егер кене жабысса, оны алу үшін медициналық мекемеге жүгінген жөн. Мұндай мүмкіндік болмаса, кенені денеден өте мұқият алып тастау қажет. Мамандар мұртшалары терінің астында қалып қоймауы үшін қолғап пен пинцет қолдануға кеңес береді. Кене алынғаннан кейін жараны йод ерітіндісімен залалсыздандыру керек.

«Ешбір жағдайда алынған кенені қолмен басып, езуге болмайды. Медициналық көмекке уақытылы жүгіну – ерте диагностика мен табысты емдеудің кепілі», – деді Сәулет Қапсаламова.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алкогольдің адам өміріне әсері

Диана Ахметова
13.08.2026

Қонаевта Абай рухына тағзым етілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Шеңгелдіде картоп алқабы үш есе ұлғайды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта «Мектепке жол» акциясы аясында 1 400-ден астам балаға көмек көрсетілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта лайға батып қалған автобустан 27 жолаушы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz