Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды: 125 мың доза тәркіленді

Алматы облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын зертхананың қызметін тоқтатты. Заңсыз айналымнан 28 келіден астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы операцияны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген. Жасырын өндіріс Қарасай ауданы аумағында орналасқан.

Тергеу барысында 29 жастағы ер адамның арнайы жеке үй сатып алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырғаны анықталған. Қажетті құрылғылар мен химиялық реагенттер интернет арқылы жеткізіліп отырған. Ал өндіріс процесі интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы үйлестірілген.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары 28 келіден астам α-PVP синтетикалық есірткісін, 880 литр химиялық прекурсорларды және есірткі өндіруге арналған арнайы зертханалық жабдықтарды тәркілеген.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, тәркіленген заттар зертханада өндірілген алғашқы партия болған.

«Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрекетінің арқасында есірткінің бірде-бір грамы заңсыз айналымға түскен жоқ», – деді Елдар Әбдікенов.

ІІМ мәліметінше, зертхана өз жұмысын жалғастырған жағдайда өңір тұрғындары үшін үлкен қауіп төндіріп, Алматы облысындағы синтетикалық есірткі таратудың негізгі орталықтарының біріне айналуы мүмкін еді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz