Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Еркін жол жүру» акциясы өтті

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде арнайы техникалардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Еркін жол жүру» профилактикалық акциясы өткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараны Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы өртке қарсы жағдай тексеріліп, арнайы техникалардың өтуіне кедергі келтіретін факторларға назар аударылды.

Мамандар өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрбір минут маңызды екенін айтады. Сондықтан өрт сөндіру көліктерінің тұрғын үйлердің аулаларына кедергісіз кіруі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып саналады.

Рейд барысында өрт сөндіру техникаларының қозғалысына бөгет келтіретін заңсыз қойылған автокөліктер анықталды. Тәртіп сақшылары жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын түсіндірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салып, көпқабатты үйлердің аулаларында арнайы қызмет көліктеріне арналған жолдарды бос ұстауға шақырды.

Мамандардың пікірінше, мұндай профилактикалық шаралар төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алматы облысы ТЖД өкілдері «Еркін жол жүру» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz