Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ерекше балаларға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы басталды

Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған ірі әлеуметтік жобаның іргетасы қаланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аутизм спектрінің бұзылыстары мен церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға кешенді көмек көрсетуге арналған оңалту орталығы тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге салынбақ. Жобаға 120 миллиард теңге инвестиция тартылып, толық іске асқаннан кейін 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ерекше балаларға кешенді қолдау көрсетіледі

Жоба Қонаев қаласындағы 30 гектар аумақта жүзеге асырылады. Мұнда жалпы көлемі 350 мың шаршы метр тұрғын үй, балабақша, оңалту орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және жер асты автотұрағы салынады.

Құрылысты «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке инвестор – «Eurasia Kunhuan Alatau Qurlys» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады.

Болашақ оңалту орталығында ерекше балаларға медициналық оңалту қызметтері көрсетіліп, түзету-дамыту бағдарламалары іске асырылады. Сонымен қатар білім беру, психологиялық сүйемелдеу және ата-аналарға арналған кешенді қолдау қызметтері ұйымдастырылады.

Мамандардың пікірінше, бұл жоба өңірдегі инклюзивті қызметтердің қолжетімділігін арттырып, ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жауапкершілікке негізделген жоба

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Eurasia Kunhuan Alatau Qurlys» ЖШС-нің бас директоры Жянг Шаоюн қатысып, нысанның іргетасына уақыт капсуласын салды.

Аймақ басшысы бұл бастама мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы басымдықтарын жүзеге асырумен қатар халықаралық инвестициялық әріптестіктің нақты нәтижесі екенін атап өтті.

«Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ерекше балаларға сапалы қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен бірге белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік кеңістікке айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүмкіндік жасау жөніндегі тапсырмасын еске салып, өңірде адам капиталын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға инвестиция тарту жалғасатынын айтты.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.

«Eurasia Kunhuan Alatau Qurlys» ЖШС-нің бас директоры Жянг Шаоюн бұл нысан әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделгенін айтып, компания құрылысты жоғары сапада әрі белгіленген мерзімде аяқтауға ниетті екенін жеткізді.

«Біз «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдай отырып, өз тәжірибеміз бен заманауи технологияларымызды Қазақстанның әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымын дамытуға бағыттаймыз», – деді компания басшысы

Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары 2026–2034 жылдар аралығында жүргізіледі.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ерекше балаларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтердің толық спектрі ұсынылады. Сонымен қатар жоба өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қоспақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ерекше балаларға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

BusinessGO: қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық экожүйе іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Елдер арасындағы достық – бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі

Диана Ахметова
03.07.2026

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Диана Ахметова
03.07.2026

Алкогольден бас тарту – саналы таңдау

Диана Ахметова
03.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz