Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оңалту орталығында ем алып жатқан ерекше балалардың тұсауын кесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты шара Талғар ауданындағы «Ақжол-М» оңалту орталығында өтті. Мұнда ем қабылдап жүрген бүлдіршіндер табандылығы мен өмірге деген құштарлығының арқасында алғашқы қадамдарын жасап, жаңа кезеңге аяқ басты.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және қоғамдық қор өкілдері қатысты. Қонақтар балаларға ақ жол тілеп, олардың өнерін тамашалады.

Аймақ басшысы өз сөзінде бұл шараның маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Бүгінгі тұсаукесер ұзақ уақыт бойғы еңбектің жемісі. Бұл тек дәстүр ғана емес, баланың болашағына бағытталған ақ ниет. Балаларымыздың қадамы нық болып, ел мақтанышына айналуына тілектеспін», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, орталық әр баланың өміріне сенім ұялатып, үміт сыйлап келеді. Сонымен қатар қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар жалғасады. Әкімдік мұндай бастамаларды қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Мамандардың мәліметінше, орталықта бүгінде 275 балаға көмек көрсетілуде. Ал 2014 жылдан бері 1000-нан астам бала тегін оңалту қызметін алған.

Жалпы, өмірдің қиын кезеңіне тап болған жандарға қолдау көрсету өңір билігінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz