Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында екі мектеп оқушысы суға батып кетті

Алматы облысының Талғар ауданында қайғылы жағдай болды. Өстемір ауылының маңындағы су қоймасында екі мектеп оқушысы суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Талғар ауданындағы №2 «Саз Талғар» су қоймасында болған. Құтқару қызметіне хабарлама 112 желісі арқылы түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған балалар су айдынының жанында ересектердің қарауынсыз болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, балалар суға абайсызда құлап кеткен. Мамандар аталған орынның шомылуға және демалуға мүлдем жабдықталмағанын атап өтті.

Оқиға орнына ТЖД құтқару бөлімшелерінің күштері мен техникалары жедел жөнелтілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында мамандар су астынан екі жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарған.

Құтқарушылар су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау маңызды екені айтылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz