Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында екі iPhone алған салықшылар 100 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Алматы облысында сот мемлекеттік кірістер басқармасының пара алды деп айыпталған қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар

Сот мәліметінше, камералдық бақылау барысында жеке кәсіпкердің табысын төмендетіп көрсеткені анықталып, осыған байланысты оған анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданған.

Салық қызметкерлері кәсіпкерден оның есепшоттарын бұғаттамау және жолданған хабарламаны кері қайтарып алу үшін 5 миллион теңге талап еткен. Кейін бөлім басшыларының бірінің делдалдығымен олар 5 миллион теңгенің орнына жалпы құны 1,5 миллион теңге болатын екі iPhone 17 Pro смартфонын беруге келіскен. Смартфондарды алғаннан кейін шенеуніктер салық хабарламасының талаптары орындалды деп негізсіз шешім шығарған.

Сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен және өздерінің кінәларын мойындаған айғақтарымен толық дәлелденді.

Сот жаза тағайындау кезінде олардың шын жүректен өкінгенін және кәмелетке толмаған балаларының асырауында болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот басқарма басшысына 52 миллион теңге, бөлім басшысына 52,5 миллион теңге, ал делдалға 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ сотталғандардың барлығы өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Смартфондар заттай дәлел ретінде танылып, мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ сотталғандардан Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz