Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында екі ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматы облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Сұраншы және Жайсан ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.12.2025
Жаңалықтар

Медициналық мекемелердің ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Сұраншы ауылындағы дәрігерлік амбулатория 1981 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Ұлттық жоба аясында нысан толық жаңғыртылып, заманауи медициналық талаптарға сәйкестендірілді. Қазіргі таңда мұнда физиотерапия, емдік дене шынықтыру, акушерлік қызмет, күндізгі стационар және дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеттері жұмыс істейді.

Ал Жайсан ауылында 1960 жылы салынған ескі ғимараттың орнына жаңа медициналық нысан бой көтерді. Амбулатория 2 500-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Айта кетейік, Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлығы 38 медициналық нысан салу көзделген. Бұл мақсатқа 8,3 млрд теңге бөлінген. Бүгінде 7 нысан пайдалануға беріліп, қалған медициналық мекемелерді 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңа амбулаториялардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, аурулардың алдын алу мен ерте анықтауға, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz