Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісіне 39 млрд теңге инвестиция салынады

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға кемінде 39 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тиісті меморандумға Марат Сұлтанғазиев пен Шен Яшар қол қойды. Келісім Қазақстан – Түркия бизнес-форумы аясында жасалған.

Келіссөздер нәтижесінде фармацевтикалық зауытты кеңейту бойынша қажетті іс-шаралар айқындалды.

Түркиялық дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар өндіретін Abdi Ibrahim Global Pharm компаниясының зауыты Іле ауданында орналасқан. Қазіргі таңда кәсіпорында жылына 24 миллион дана дәрі-дәрмек өндіріледі және 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жаңа келісім аясында 2026–2032 жылдары инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.

Оның ішінде:

  • 8,85 млрд теңге – қатты дәрілік препараттар өндірісін жаңғыртуға;
  • 30,15 млрд теңге – инновациялық биотехнологиялық дәрілер шығаратын модульдік блок құрылысына бағытталады.

Жоба іске асқан жағдайда кәсіпорында жылына 300 миллион қатты дәрілік препарат пен 1,5 миллион биотехнологиялық дәрі өндіріледі.

Мұнда онкологиялық, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек кездесетін және психоневрологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілер шығарылмақ.

Мамандардың айтуынша, жоба ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті арттыруға, мамандардың біліктілігін көтеруге және әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендетіп, экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Әкімдік мәліметінше, 2022–2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия арасында 53 кездесу ұйымдастырылған. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника, кондитерлік және фармацевтикалық өнімдер өндіру бағытында жалпы құны 97,9 млрд теңгені құрайтын бес жоба іске қосылып, шамамен 2 500 жаңа жұмыс орны ашылған.

Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде импорт көлемі 222,8 млн долларды, ал экспорт көлемі 7,9 млн долларды құраған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жылына 200 тонна балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Есік қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Талғардағы қанды оқиға: күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz