Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Алматы облысы Іле ауданында балаларға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша танымдық іс-шара өтті. №8 өрт сөндіру бөлімінде «Ақжол» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өрт сөндіруші мамандығына құрмет сезімін тәрбиелеу.

Экскурсия барысында балалар өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Олар арнайы техникаларды көріп, өрт сөндіру құралдарының қалай қолданылатынын білді. Қызметкерлер бүлдіршіндерге өрт сөндіру көліктерінің жабдықтарын таныстырып, арнайы қорғаныс киімдерінің қызметтік маңызын түсіндірді.

Сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы танымдық ақпарат берілді. Мамандар төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігін, өрт шыққан жағдайда қандай әрекет жасау қажет екенін қарапайым тілмен түсіндірді.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өрт сөндірушілердің күнделікті еңбегімен танысып, олардың қоғамдағы маңызды қызметі туралы мағлұмат алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін ерте жастан үйрету төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды екенін атап өтті. Мұндай танымдық шаралар балаларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға баулып қана қоймай, өрт сөндірушілердің батыл әрі жауапты еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz