Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Бүгін Алматы облысында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең ауқымда атап өтілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Айтулы шаралардың бірі облыс орталығы Қонаев қаласында өтті. Мереке аясында велошеру ұйымдастырылып, оған 200-ге жуық қала тұрғындары, қонақтар мен спортшылар қатысты. Сонымен қатар орталық алаңда қолөнер шеберлерінің және этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен жалғасып, оның мазмұны Бірлік күнінің маңызын айшықтай түсті.

Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Бұл мереке – елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметі мен ыстық ықыласын білдіретін ерекше күн. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі бар болса, оның 105-і Алматы облысында бірлік пен келісімде өмір сүріп келеді. Өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан 34 этномәдени бірлестік әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуға елеулі үлес қосып отыр. Осы орайда этномәдени орталықтар, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің мүшелеріне ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы еңбегі үшін алғыс білдіремін», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ шара барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мереке аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың құттықтау хаты оқылды.

«Алматы облысы – этносаралық келісім мен татулықтың жарқын үлгісі. Мұнда түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен сенімге негізделген ортада салт-дәстүрлерін сақтай отырып, болашақтың берік негізін бірге қалыптастыруда. Ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық бастамаларды қолдауға және ізгі құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестеріңіз зор», – делінген хатта.

Осылайша, облыс тұрғындары татулық пен бірліктің символына айналған мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, оның маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz