Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жүргізілген бақылау шаралары барысында бірқатар ірі сауда субъектілерінің заң талаптарын бұзғаны анықталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, ЖК «Омаров», «Iceberg Distribution» ЖШС және «Ар Диас» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алып, кейін оларды өзге сауда субъектілеріне 17 пайыздан 86 пайызға дейінгі негізсіз сауда үстемесімен қайта сатқан.

Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңнама талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Министрлік жыл басынан бері жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде 171 сауда субъектісіне қатысты 643 әкімшілік хаттама рәсімделгенін растады.

Жалпы сомасы 3,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

«Оның 467-сі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша толтырылса, 176 хаттама сауда қызметі туралы заңнама талаптарын бұзуға қатысты рәсімделді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында бір сауда желісі, бір көтерме сауда орны және 11 сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 40 пайыздан 203,8 пайызға дейін негізсіз үстеме қосқаны анықталған.

Мамандар мұндай әрекеттердің азық-түлік бағасының өсуіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Бағаны тұрақтандыру жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы аясында «Алтын Орда» базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуіне ықпал еткен жеті тиімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды.

Қазіргі уақытта өңірде өндірушілер мен ірі жеткізушілердің тізімі жасақталып жатыр. Сонымен қатар, электрондық шот-фактуралар арқылы делдалдық схемаларды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шамалғанда әйелге шабуыл жасалды: күдіктіні полиция іздеп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026

Алматы облысында жаңа казино салынуы мүмкін: министр мерзімін атады

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026

Алматы облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026

Қонаевта білім беру көшбасшыларының басын қосқан ауқымды интенсив өтті

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірген қылмыстық желі жойылды

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz