Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында автокортеж ұйымдастырған түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

Алматы облысында биыл мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, коттедждерде және табиғат аясында өткізуге жол берілмейді. Сонымен қатар, ата-аналардан ақша жинауға, автокортеж ұйымдастыруға және қауіпті бейресми шаралар өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов пен облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Ахметов мәлімдеді.

25 мамыр күні өңірдегі барлық мектепте 2025-2026 оқу жылы ресми түрде аяқталып, «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай республикалық сынып сағаты өтеді.

Білім басқармасының мәліметінше, Алматы облысында 497 мектеп жұмыс істейді. Оның 50-і – жекеменшік білім беру ұйымдары. Жалпы өңір мектептерінде 360 мыңнан астам оқушы білім алады.

Биыл облыста 11-сыныпты 18 693 түлек тәмамдайды. Оның ішінде 1 844 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 1 680 түлек үздік аттестат алуға ниетті. Ал 9-сыныпты 33 268 оқушы бітіреді, олардың 4 130-ы үздік аттестаттан үмітті.

9-сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып түлектері емтиханды 2-15 маусым аралығында тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 16 155 түлек тіркелген.

Аттестаттарды тапсыру рәсімі 17-18 маусым күндері мектеп аумағында ұйымдастырылады.

Білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов мектеп бітіру кештерін өткізуге қатысты талаптарды қатаң сақтау қажеттігін айтты.

«Бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс орны, коттедж және табиғат аясында ұйымдастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар автокортеж өткізуге, таңды қарсы алуға және балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін өзге де бейресми шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады», – деді ол.

Сондай-ақ мектептерде мерекелік шараларды өткізуге байланысты ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынғаны айтылды. Бұл тыйым безендіру жұмыстарына, сыйлықтарға, жалға алу мен өзге де шығындарға қатысты.

Өз кезегінде полиция өкілдері бітіру кештері кезінде бақылау күшейтілетінін ескертті. Биыл қауіпсіздік шараларына дрондар мен бейнебақылау жүйелері де тартылмақ.

«Автокортеждер, қарсы жолаққа шығу, қауіпті маневрлер, сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде жасөспірімдердің люк пен терезеден шығуы – бұл тек заң бұзушылық емес, адам өміріне тікелей қауіп. Бақылау патрульдік полициямен қатар, бейнекамералар, Жедел басқару орталықтары және арнайы дрондар арқылы жүзеге асырылады», – деді Еркебұлан Ахметов.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмағандардың коттедж жалдауы, заңсыз кеш ұйымдастыруы және жасөспірімдерге алкоголь мен энергетикалық сусындардың сатылуы да ерекше бақылауға алынады.

Құқық қорғау органдары қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы бойынша алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін ескертті. Ал көлік қозғалысы кезінде жасөспірімдер терезеден немесе люктен шыққан жағдайда жауапкершілік жүргізуші мен ата-анасына жүктеледі.

Сонымен қатар, өңірде профилактикалық рейдтер басталған. Соңғы аптада облыста «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнде жүрген жасөспірімдер анықталған.

Полиция өкілдері күшейтілген шаралардың басты мақсаты – түлектерді жазалау емес, оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz