Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауға арналған цифрлық технологиялар енгізіле бастады. Жаңа жоба алғаш рет Алматы облысындағы алма бақтарының бірінде іске қосылып, өсімдіктерді қорғаудың заманауи тәсілдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жобаны отандық мамандар қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Басты жаңалық – зиянкестерді анықтауға арналған арнайы «ақылды» тұзақтардың қолданылуы. Бұл құрылғылар зиянкестердің пайда болуын тәулік бойы бақылап, жиналған мәліметтерді автоматты түрде цифрлық жүйеге жолдайды.

Мамандардың айтуынша, жаңа технология ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қауіпті ерте кезеңде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде өнімді қорғау шараларының тиімділігі артып, егіннің шығыны азаяды.

Жобаның тағы бір маңызды артықшылығы – химиялық өңдеу жұмыстарын оңтайландыру. Зиянкестердің нақты таралу аймағы мен саны туралы деректердің болуы бақтарды қажетсіз өңдеулерден сақтап, шығындарды азайтуға және қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге ықпал етеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың маңызды элементіне айналып келеді. Әлемнің бірқатар елдерінде қолданылып жүрген бұл тәсіл өнім сапасын арттырумен қатар, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Егер пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе, болашақта аталған жүйені Қазақстанның өзге өңірлеріндегі бау-бақша шаруашылықтарында да енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар технологияны тек алма бақтарында ғана емес, басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

Мамандар мұндай инновациялық шешімдер агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өнімділікті көбейтуге және фермерлердің тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететінін атап өтеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта лайға батып қалған автобустан 27 жолаушы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Алматы облысында құтқарушылар 3450 метр биіктікте жарақат алған туристі құтқарды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Вакцинация – ұлт денсаулығының кепілі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz