Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік желідегі қарумен түскен видеоға байланысты полиция тексеру жүргізді

Алматы облысында әлеуметтік желіде тараған қарумен түскен бейнежазба құқық қорғау органдарының назарын аударды. Видео жарияланғаннан кейін полиция тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басын анықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Желіде тараған кадрларда қыздың қолына қару ұстап, кейіннен одан оқ атқан сәті бейнеленген. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары қарудың шығу тегін анықтап, оның заңды пайдаланылғанын тексеруді сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген тексеру барысында бейнежазбаға қатысы бар азаматтардың барлығы анықталған.

«Тексеру нәтижесінде тегіс ұңғылы қарудың иесі оны басқа адамға бергені белгілі болды. Кейін әлгі азамат иесінің рұқсатымен арнайы белгіленбеген жерде оқ атқан», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, қаруды басқа адамдарға беру және оны арнайы белгіленген орындардан тыс жерде пайдалану қолданыстағы заң талаптарына қайшы келеді.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары азаматтарды қаруды сақтау және пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Ведомство өкілдері мұндай құқық бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Полиция әлеуметтік желіде жарияланған кез келген құқыққа қайшы әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайтынын және әрбір осындай дерек бойынша тиісті тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz