Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 500-ден астам жалған жалға беру хабарландыруы бұғатталды

Жазғы демалыс маусымы мен мектеп оқушыларының каникулы қарсаңында тәуліктік тұрғын үйді жалға беру қызметіне қатысты интернет-алаяқтық деректері көбейіп келеді. Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды сақ болуға шақырып, заңсыз хабарландыруларға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді,деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство хабарлауынша, алаяқтар интернет желілерінде пәтерлер мен тұрғын үйлердің әдемі фотосуреттерін пайдаланып, нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсыныстар жариялайды. Кейін тұрғын үйді брондау немесе сақтап қою сылтауымен алдын ала төлем мен кепілақы аударуды талап етеді. Ақшаны алған соң байланысқа шықпайды немесе көрсетілген мекенжайдағы тұрғын үйдің мүлде жоқ екені анықталады.

Прокуратура 2026 жылдың алғашқы бес айында республика бойынша көрсетілмеген қызметтер үшін ақша алу фактілеріне байланысты 1700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін айтады. Оның ішінде 130 жағдай Алматы облысында орын алған.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы ірі интернет-платформалармен және цифрлық сервистермен бірлескен жұмысты күшейткен.

Атап айтқанда, Алматы облысының прокуратурасы мен «OLX Group» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Прокуратура мәліметінше, бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы жарияланған 500-ден астам жалған хабарландыру бұғатталған.

Қадағалау органы азаматтарға тұрғын үйді жалға алу кезінде алдын ала төлем жасамас бұрын хабарландырудың шынайылығына көз жеткізіп, меншік иесінің жеке басын және тұрғын үйдің нақты бар екенін тексеруге кеңес береді.

Сондай-ақ күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, тексерілген платформаларды пайдалануға және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz