Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 43 бас ірі қара ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында 43 бас ірі қара мал ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Ұйғыр ауданына қарасты Тасқарасу ауылы аумағындағы «Жер көпір» жайылымында болған. Белгісіз адамдар мал қорасынан 43 бас ірі қараны ұрлап кеткен.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын бастаған.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің айтуынша, 22 сәуірде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Жетісу облысы Жаркент қаласында күдіктілер ұсталған.

«Алматы облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Ұйғыр ауданындағы әріптестерімен бірлесіп күдіктілерді ұстады», – деді Мейрам Әбікеев.

Қазіргі уақытта 6 адам ұсталып, олардың ұрланған 43 бас ірі қараны сатып жібергені анықталған. Күдіктілер өз кінәларын мойындаған.

Полиция мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысында олардың өзге де мал ұрлығы фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция мал ұрлығы бойынша күрес күшейтілгенін айтып, тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға және күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz