Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 181 көшеге атау беру ұсынысы қаралды

Алматы облысында ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, атау беру және қайта атау үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиында ономастика саласындағы заңнамалық өзгерістер, 2024–2028 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы және өңірде атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Кеңеске комиссия мүшелері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.

Отырыс барысында өңірдегі елді мекендердегі көше атауларын жүйелеу мен заң талаптарына сәйкестендіру мәселелері сөз болды. Мамандардың мәліметінше, өткен жылы Алматы облысында 678 көшеге атау берілген. Сонымен қатар атауы қайталанатын немесе мүлде атауы жоқ көшелер мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Сондай-ақ 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі берілгені айтылды. Бұл тарихи жадыны сақтау мен елдік құндылықтарды ұлықтау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде бағаланды.

Жиында ономастика саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі де жария етілді. Енді жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімін беру немесе атауын өзгерту үшін міндетті түрде облыстық ономастикалық комиссияның келісімі қажет. Бұл талап «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңына енгізілген өзгерістер аясында жүзеге асырылып отыр.

Комиссия отырысында 181 көшеге атау беру туралы ұсыныстар қаралды. Ұсыныстар «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінен іріктеліп алынған.

Жиында көше атауларының дұрыс жазылуын бақылау, аншлагтарды бірыңғай талапқа сәйкестендіру және заңнама талаптарының сақталуын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын жандандыру, ономастикалық атауларды реттеу және бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мамандардың айтуынша, өңірде ономастика саласын жүйелеу және тарихи атауларды жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz