Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімін беру ұсынылды

Алматы облысында соғыс ардагерлерінің есімін ұлықтау бағытындағы ономастикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мәліметке сәйкес, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 500-ден астам көшеге ардагерлердің есімін беру мақұлданған. Оның ішінде 154 ұсыныс Алматы облысынан түсіп, өңір бұл көрсеткіш бойынша көш бастап отыр.

Қазіргі таңда 73 соғыс ардагерінің есімі аудан және қала көшелеріне берілген. Қалған 81 атау жақын арада өтетін облыстық ономастикалық комиссия отырысында қаралады.

Өткен жылы өңірде 678 көшеге атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілген. Оның 578-і облыстық ономастикалық комиссия отырыстарында талқыланып, қалған 100 көше атауы 29 сәуірде өтетін жиында қаралмақ.

Сондай-ақ 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 669 көшеге кезең-кезеңімен қайта атау беру жоспарланған.

Өңірде ардагерлер есімін дәріптеу жұмыстары мұнымен шектелмейді. Жеңістің 85 жылдығына орай тағы 116 ардагердің есімін ұлықтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, облыс бойынша соғыс ардагерлерінің құрметіне 154 мемориалдық тақта орнатылған.

Ономастика саласындағы маңызды өзгерістердің бірі – енді жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімін беру немесе атауын өзгерту үшін облыстық ономастикалық комиссияның келісімі міндетті болады.

Бұл талап «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңына енгізілген өзгерістер аясында жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты Алматы облыстық Тіл басқармасы тиісті мекемелермен бірлесіп, жаңа заңнамалық нормаларды іске асыру жұмыстарын бастаған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz