Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Алматы облысында биыл жалпы құны 122,9 млрд теңге болатын 106 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір басшысы құрылыс саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер, заманауи мектептер мен ауруханалар, сәулетті мәдениет және спорт ошақтары, дамыған инфрақұрылым нысандары бой көтеріп, халқымыздың тұрмыс сапасы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылысшы мамандығын экономиканың негізгі іргетасы және жасампаздық жолы ретінде айрықша бағалайды. Сіздер – ел ертеңінің берік негізін қалап жатқан нағыз майталман мамандарсыздар», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тұрғын үй құрылысының көлемі артты

Облыс әкімінің мәліметінше, Алматы облысында құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Биыл жалпы құны 122,9 млрд теңге болатын 106 нысанның құрылысы жоспарланған.

Жыл басынан бері өңірде салынған тұрғын үйлердің жалпы көлемі 843 мың шаршы метрге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 221 мың шаршы метрге көп.

Қонаев қаласында жаңа әкімшілік орталықты қалыптастыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, облыстық сот, Департаменттер үйі, Полиция департаменті және облыс әкімі аппаратына қарасты ұйымдарға арналған жаңа ғимараттардың құрылысы басталған.

Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен Достық үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені секілді әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде.

Жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынуда

Білім беру инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста 26 жаңа мектеп ашылды. Бұдан бөлек, «ЕРС+F» тетігі арқылы тағы бес мектеп салу жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 37 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында Қонаев қаласында тәулігіне 30 мың текше метр суды сүзгіден өткізуге қауқарлы кәріз кешенінің құрылысы жүргізілуде.

«Мұның барлығы – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер тұрғызған әрбір тұрғын үй, мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, жол мен инженерлік нысан Алматы облысының өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына қызмет етіп келеді», – деді облыс әкімі.

Алматы – Бішкек автожолы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі

Өңірде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта «Қапшағай – Күрті» және «Алматы – Бішкек» автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, «Алматы – Бішкек» автожолының 19-27 шақырым аралығын 8 жолаққа дейін кеңейту жобасы басталған.

149 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды

Облыс әкімі құрылыс көлемін арттырумен қатар, нысандардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Биыл біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 149 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылған. Сондай-ақ заң талаптарын бұзған 15 сарапшының аттестатының қолданысы уақытша тоқтатылып, техникалық қадағалау саласындағы екі сарапшының аттестаты кері қайтарылған.

Бұл шаралар құрылыс саласындағы жауапкершілікті арттырып, салынып жатқан нысандардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Салтанатты шара барысында құрылыс саласының дамуына үлес қосқан бірқатар маман марапатталды. Оларға «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

Жиында құрылыс саласының ардагері Анатолий Рябинин мен «Мойнақ» ГЭС-інің салынуына үлес қосқан инженер-энергетик, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Стахан Белғожаев та әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, құрылысшылар еңбегінің өңір дамуындағы маңызына тоқталды.

Құрылысшылар күніне арналған шара осылайша өңірдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарын ұлықтап, Алматы облысында алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларды таныстырумен қорытындыланды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауылдық округтердің дамуы мен сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
09.08.2026

Алматы облысында жолдағы қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz