Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Таиланд арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі

Алматы облысы мен Таиланд Корольдігі арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстар қарқын алуда. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркспен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Кездесу барысында тараптар туризм, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өндірісі, цифрлық технологиялар және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Биыл Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 34 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы байланыс тұрақты дамып, саяси, экономикалық және мәдени бағыттарда нығая түсті. Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен бастамалар әріптестіктің жаңа кезеңге шыққанын көрсетеді.

Алматы облысы да Таиландпен іскерлік байланыстарды белсенді дамытып келеді. Биыл мамыр айында өңір делегациясы Таиландта өткен THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, бірқатар туристік қауымдастықтармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған болатын.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 15 миллион АҚШ долларын құрады. Өңір басшылығы бұл көрсеткішті бірнеше есе арттыруға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Марат Сұлтанғазиев облыстың агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, логистика, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қонақ үй бизнесі және қызмет көрсету салаларына таиландтық инвестицияларды тартуға мүдделі екенін айтты.

«Алматы облысы – Қазақстандағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Экономикамыз тұрақты өсім көрсетіп отыр. Соңғы жылдары өңірге тартылған инвестициялар көлемі артып, жаңа өндірістер іске қосылуда. Біз халықаралық серіктестермен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы туризм саласының әлеуетіне де тоқталды. Оның айтуынша, Алматы облысы табиғи ландшафттары, ұлттық парктері мен тарихи-мәдени нысандарының арқасында Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып келеді.

2025 жылы өңірге 147 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Шетелдік туристер саны бойынша Алматы облысы республикада үшінші орында тұр.

Соңғы уақытта Таиланд азаматтарының Алматы облысына қызығушылығы да айтарлықтай артқан. Егер 2025 жылы өңірге Таиландтан 45 турист келген болса, 2026 жылдың алғашқы бес айында олардың саны 414 адамға жеткен.

«Бұл көрсеткіш көлік қатынасының жақсаруы мен визасыз режимнің енгізілуінің нәтижесі деп есептейміз. Қазір Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 23 тұрақты әуе рейсі қатынайды», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Таиландтың Қазақстандағы Елшісі Пияпин Нийомреркс Алматы облысының экономикалық және туристік әлеуетіне жоғары баға берді.

«Алматы облысының көрікті табиғаты мен даму қарқыны ерекше әсер қалдырды. Қонаев пен Алатау қалаларының болашаққа бағытталған даму жоспарлары таңғалдырады. Екі тарап арасында ұзақ мерзімді әрі тиімді серіктестік қалыптасатынына сенімдімін», – деді дипломат.

Елші сондай-ақ жақын күндері Алматы қаласында «Қазақстан – Таиланд» бизнес форумы өтетінін хабарлады. Іс-шараға Таиландтың жетекші 12 компаниясының 30-дан астам өкілі қатысады. Форум аясында B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, инвестициялық жобалар мен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланады.

Тараптардың пікірінше, мұндай кездесулер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтып қана қоймай, инвестиция тарту, туризмді дамыту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру үшін тың мүмкіндіктер ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

2026 жылғы әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда антитеррорлық операциялар тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz