Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: Аграрлық-өнеркәсіптік кешендердегі инновациялық даму

Алматы облысындағы аграрлық-өнеркәсіптік кешендерді дамытудың қандай жолдары бар? Бұл сауалдың шешімін табу мақсатында ҚазҰАУ университетінде жиын өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Айта кеткен жөн, аймақта АӨК дамыту бүгіннің өткір мәселесі. Өйткені, ғылым мен ғылыми тәжірибелерсіз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық, өндірістік саланы дамыту қиынға соғатынын билік пен қоғам жақсы түсінеді.

Жиында өңірдегі АӨК-нің жай-күйі, кездесетін проблемалар, ғылыми зерттеулердің тиімділігі талқыланды және оны дамыту жолдары айтылды. Сонымен қатар жерді суару жүйелері мен мелиорациялау, топырақтың тозуы мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ жеміс-көкөніс шаруашылығы, шикізатты қайта өңдеу, өсімдіктерді зиянкестерден қорғау, мал, балық шаруашылығы, жем-шөп өндірісі, АӨК механикаландыру тақырыптары да назардан тыс қалмады. Кейін агроқұрылым жұмысымен танысып, егіс алқаптарын аралады.

«ҚазҰАУ ғалымдарының жобалары мен жетістіктері мені таң қалдырды. Сіздердің зор тәжірибелік базаларыңызды ескере отырып, алдағы уақытта Алматы облысындағы ауыл шаруашылығының өсуі мен дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер табатынымызға сенемін. Ғылыми қауымдастық бұрындары, бүгін, келешекте де алдыңғы қатарда болмақ. Сондықтан сіздер өз жаңалықтарыңызбен, өз жобаларыңызбен еліміздің әлеуетін, оның мүмкіндіктерін көрсететін боласыздар. ҚазҰАУ және жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп жұмыс жасауға және өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын», — деді Батыржан Байжұманов.

Кездесу соңында өңірде АӨК дамыту мақсатында екі жақ бірлескен жұмыс тобын құру жайлы келісімге келді. Сондай ақ, таяу күндері аграрлық секторды ілгерілету мақсатында орта мерзімді іс-шаралар жоспары әзірленбек.

Тегтер: кешен

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz