Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында International Shooting Sport Federation (ISSF) қолдауымен стенд атудан Әлем кубогының рейтингтік кезеңі басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты ашылу рәсімі бірлік пен жоғары спорттық рухқа толы ерекше атмосферада өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасын таныстыратын мазмұнды бағдарлама ұсынып, ұлттық нақыш пен заманауи технологияларды үйлестірді. Қатысушы командалардың таныстырылымы ID форматында өтті. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов турнирдің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Бұл турнир әлемнің ең үздік спортшыларын біріктіріп, шеберліктің жоғары деңгейін, рухтың беріктігін және жеңіске деген ұмтылысты көрсетеді. Бүгінде Қазақстанның стенд ату мектебі халықаралық аренада өз орнын нықтап келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетіп, ел абыройын арттырып, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді», – деді ол.

Өз кезегінде, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси Қазақстанда жарысты өткізу деңгейіне жоғары баға берді.

«Бүгін біз жай ғана жарысты емес, ату спортының дамуына серпін беретін қуатты алаңды көріп отырмыз. Қазақстан жоғары кәсібилік пен қонақжайлық танытып, әлемдік стандарттарға сай жағдай жасап отыр», – деді ол.

Соңғы жылдары Қазақстанда стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Әлем және Азия кубоктары кезеңдерін өткізу, инфрақұрылымды жаңғырту және спортшыларды жүйелі даярлау елдің халықаралық ату қауымдастығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік берді. Александр Асанов атындағы ату клубы халықаралық талаптарға толық сай келіп, тұрақты түрде ірі жарыстарды қабылдап келеді.

Тоғыз күнге созылатын додада Алматы облысы 42 елден келген 550 спортшыны қабылдайды. Арасында Олимпиада чемпиондары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, сондай-ақ Азия мен Еуропаның үздік мергендері бар. Бұл жарыс тек медальдар үшін ғана емес, сонымен қатар 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды рейтингтік ұпайлар үшін өтеді.

Қабылдаушы ел ретінде Қазақстан ең жоғары квотамен қатысуда. Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі – Әсем Орынбай. Ол Әлем кубоктары мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері және Олимпиада ойындарының қатысушысы.

«Бұл мен үшін жай ғана жарыс емес – туған жердегі жанкүйерлер алдында өнер көрсетіп, Олимпиадаға тағы бір қадам жақындау мүмкіндігі. Негізгі мақсат – тұрақтылық пен маусымның ірі жарыстарында финалға шығу», – деді спортшы.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының спортшысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шебері Лейла Шантекова өнер көрсетуде.

Жарыс барысында спортшылар «скит» және «трап» дисциплиналарында, сондай-ақ аралас командалық сайыстарда сынға түседі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 мамыр күні өтеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Глава государства принял исполнительного вице-президента Dubai World Trade Center Трикси Лохмирманд

Николай Иващенко
04.05.2026

Закон о специальном правовом режиме города Алатау проверил Конституционный суд

Николай Иващенко
04.05.2026

Ночью в горах Заилийского Алатау найдены и спасены две потерявшиеся девушки

Николай Иващенко
04.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
04.05.2026

Снова в воде: терминалы аэропорта Алматы снова затопило дождевыми водами

Николай Иващенко
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz