Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуаныш Бақытұлы 2026 жылғы 16 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қуаныш Бақытұлы 1977 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін «Іс жүргізуші – халықаралық деңгейдегі маман» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Шымкент университетінде «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын жеке секторда бастаған. Әр жылдары коммерциялық ұйымдарда менеджер, бас директордың көмекшісі, директордың орынбасары, бас менеджер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында бас маман және аппарат басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы мен басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандары әкімдерінің орынбасары, сондай-ақ «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-да жүк тасымалы бөлімінің басшысы қызметтерінде жұмыс істеген.

2022 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Браконьерлікке тосқауыл: Балқаш аудандық соты заңсыз балық аулағандарға үкім шығарды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлау үшін 683 сайлау учаскесі ашылады

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысының таулы аймағындағы өрт толық сөндірілді

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz