Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясына арналған түбіртектерге жаңа ақпарат енгізіледі

Тамыз айынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары электр энергиясына арналған түбіртектерден көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияның «Энергосбыт» алдындағы берешегі туралы ақпаратты көре алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа тәртіп «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалымен электр энергиясын жеткізу жөнінде келісімшарт жасасқан тұтынушыларға қатысты енгізіліп отыр.

Компания мәліметінше, бұл өзгеріс тұрғындардың өз үйлеріндегі коммуналдық төлемдердің жай-күйі туралы толық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрғындар басқарушы ұйымдардың электр энергиясы үшін төлем міндеттемелерін қаншалықты уақытылы орындап отырғанын бақылай алады.

Осыған байланысты тұрғындарға электр энергиясына арналған түбіртектердегі жаңа ақпаратқа мұқият назар аудару ұсынылады. Егер берешек анықталса, оның себебін нақтылап, мәселені шешу үшін МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияға жүгіну қажет.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бұл бастама тұрғын үйлердің қаржылық жағдайын барынша ашық етуге бағытталғанын атап өтті. Компанияның пікірінше, түбіртектерде берешек туралы ақпараттың көрсетілуі тұрғындарға ықтимал мәселелердің алдын алып, электрмен жабдықтаудың үздіксіз қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz