Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясының Жергілікті кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиында қала маңындағы аумақтарды дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселе — экология, көлік инфрақұрылымы және әлеуметтік нысандар құрылысы талқыланды.

Тараптар агломерациядағы экологиялық жағдайды жақсарту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Қазір агломерация құрамындағы 188 елді мекеннің 74 пайызы газбен қамтылған. Бұл 1,1 миллионнан астам тұрғынды қамтиды. Биыл бұл көрсеткішті 89,4 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Кеңесте көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауысып міну тораптарын салуға арналған жер телімдерін анықтау және әуежайдан ҮАААЖ-ға дейінгі 6,4 шақырым автожол құрылысы жобасы қаралды. Жобаны жүзеге асыру үшін 52 жер телімін сатып алу көзделген.

Сонымен қатар ҮАААЖ-ға қосылатын алты радиалды жол салу бастамасы талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұл жол қозғалысын жеңілдетіп, көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Халық санының өсуіне байланысты білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесі де көтерілді. 2026–2028 жылдары Алматы облысының Іле, Қарасай және Талғар аудандарында 21 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл үш ауысымды мектептер мәселесін азайтып, оқушы орындарының тапшылығын шешуге ықпал етеді.

Дархан Сатыбалды қабылданған шешімдер агломерацияның тұрақты дамуына бағытталғанын айтты.

«Инфрақұрылымға түсетін жүктеме артып келеді. Сондықтан қала деңгейінде де, агломерация деңгейінде де жүйелі жоспарлау аса маңызды», – деді ол.

Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев газдандыру, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері кешенді шешімді қажет ететін өзара байланысты міндеттер екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Врачи Алматинской области провели уникальную операцию

Николай Иващенко
24.04.2026

Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре

Николай Иващенко
24.04.2026

Жамбылский район: определены задачи и приоритеты развития

Николай Иващенко
24.04.2026

Алматинская область представила экологические проекты на международной выставке

Николай Иващенко
24.04.2026

В Казахстане заработал частный фонд «Фонд казахстанских спасателей»

Николай Иващенко
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz