Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысының тұрғыны үйінде сақтаған балбалтасты Лепсідегі музейге өткізді

Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылында орналасқан тарихи мұражайға жергілікті тұрғын үйіндегі балбалтасты өткізген. Ол тастың тарихи құндылығын түсінгендіктен музейге бердім дейді.

27.10.2022
Аймақ

«1989 жылы комбайн жүргіздім. Алқап басында бір үлкен тас техниканың жүруіне кедергі келтірді. Оны бәріміз жабылып алып тастайық дедік. Көзім бірден тастың формасына түсіп, қызығушылық тудырды. Тасты көтергенде оны ежелгі түркі мүсіні – балбал деп шамаладық. Сондықтан, оны далаға тастамай, үйге әкеліп қойдым. Енді міне, мұражай ашылғаннан кейін ол экспозицияның ортасынан ойып тұрып орын алды. Бұл – VII-VIII ғасырлардың жәдігері. Осындағы Көктөбе тауының төменгі етегінен табылған», — дейді Мұхарам Хайбуллин.

Биыл осы Лепсі ауылындағы тарихи мұражайға келушілердің саны артқан.

Өткен жылы меценаттардың көмегімен ашылған музейге қызығушылық танытатындар арасында жергілікті тұрғындар ғана емес, Германия, АҚШ, Ресей және ТМД елдерінен келетін туристер де көп. Жыл басынан бері мұнда 2 мыңға жуық саяхатшы келген.

Бүгінде Лепсі мұражайында 1 500-ге жуық түрлі экспонат тұр. Біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырларда өсірілген көне дақылдар мен Түркі қағанаты дәуіріндегі балбал тас, 1949 жылғы патефонды да осы жерден көруге болады.

Лепсі өлкесі тарихи жәдігерлерге толы. Ауылдың ішінде, маңайында сақ қорғандары, балбал тастар көп кездеседі. Жақын жердегі жартастарға қашалған көне суреттер де табылған.

Тегтер: Жетісу облысымузей

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz