Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жер, баспана, несие: Марат Сұлтанғазиев тұрғындардың түйткілін тыңдады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Қоғам

Қабылдауда баспана, жер телімін рәсімдеу, несие төлемі, кәсіпкерлікті қолдау секілді әлеуметтік және экономикалық мәселелер көтерілді. Өңір басшысы әр өтініш бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген Іле ауданының тұрғыны көрпе, жастық және тоқыма өнімдерін өндіретін шағын кәсіп ашқанын айтты. Бүгінде 10 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер күніне 2000-нан астам көрпе тігетінін жеткізді. Ол кәсібін кеңейту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие не грант алуға өтініш берген.

Кәсіпкер өндіріске қажетті материалдарды тасымалдауға қолдау сұрап, сала мамандарынан бағыт-бағдар беруді өтінді. Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие кезең-кезеңімен берілетінін айтып, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Сонымен қатар жауапты басқармаға өндірісті қолдау жөнінде тапсырма берді.

Қабылдауда қаржылық қиындыққа тап болған тұрғындардың мәселесі де қаралды. Қарасай ауданынан келген зейнеткер қызы «Сыбаға» және «АгроБизнес» бағдарламалары арқылы 50 миллион теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығын бастағанын айтты. Алайда жұқпалы ауру салдарынан мал қырылып, қарызды өтеу қиындаған.

Тұрғын несие бойынша жеңілдік қарастыруды немесе банкрот деп тану мәселесін көтерді. Облыс әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтың атында мүлкі болғандықтан оны банкрот деп тану мүмкін еместігін түсіндірді. Ал несие ұйымы өкілдері мәселе сотта қаралып жатқанын, осы уақытқа дейін өсімпұл есептеу тоқтатылғанын жеткізді.

Қабылдауда жер дауы мәселесі де көтерілді. Іле ауданының тұрғыны «Дружба» саяжайындағы жер телімдерінің заңсыз бөлінуіне қатысты шағым айтты. Алдын ала зерделеу барысында 3 гектар аумақтағы 169 азамат өздерін жер иесі санап отырғанымен, олардың құжаттарының заңды күші жоқ екені анықталған.

Осыған байланысты Марат Сұлтанғазиев жер қатынастары басқармасы мен прокуратура өкілдеріне мәселені мұқият тексеріп, кінәлілерді анықтауды және заң аясында шара қабылдауды тапсырды.

Баспана мәселесімен келген тұрғындар да болды. Өңір басшысы тұрғын үй елімізде белгіленген сегіз санат бойынша кезекпен берілетінін түсіндірді.

«Жыл сайын бюджет есебінен тұрғындарға пәтер сатып алынады. Бұл баспаналар “Отбасы” банк арқылы үлестіріледі. Егер ешқандай санатқа жатпаса, демеушілер көмегіне жүгінуге болады. Олар қолдаған жағдайда ғана мәселені шешу мүмкіндігі бар», – деді облыс әкімі.

Әкім қабылдау қорытындысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелгенін айтты. Облыс басшылығы тұрғындар өтінішін қарау және әлеуметтік сипаттағы түйткілдерді шешу жұмысы жалғасатынын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Жер, баспана, несие: Марат Сұлтанғазиев тұрғындардың түйткілін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Астанада Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында құрылыс базарында өрт шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімін беру ұсынылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz