Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТЖМ қызметкерлері таулы аумақта жоғалған баланы аман-есен тапты

Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумағында 2023 жылы туған бала жоғалып кетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоғалғаны туралы ақпарат Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне түскен. Хабарлама негізінде ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының кезекші механикаландырылған патрулі іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу жұмылдырылды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бала тез арада табылып, медициналық көмекті қажет етпеді. Ол ата-анасына аман-есен табысталды.

Осы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы да ескертеді.

Бақылаусыз қалған бірнеше минут — қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан демалыс кезінде қауіпсіздік шараларына салғырт қарамау маңызды. ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
09.09.2026

Алматы облысының тұрғыны 650 мың теңгесін қайтарып алды

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz