Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тамыз кеңесінде білім саласының жаңа міндеттері талқыланды

Алматы облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дәстүрлі тамыз кеңесінде баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған бағдарламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек.

«Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – балаларымыздың жарқын болашағына жасалған инвестиция. Президенттің тапсырмасына сәйкес біз оқушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби дамуына да жол ашып отырмыз. Осы игілікті іске үлес қосқан Күләш Ноғатайқызына және «Қазақстан халқына» қорына алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.

Жаңғыртылған мектептерде жаңа оқу кабинеттері, кітапханалар мен зертханалар ашылып, білім алушылардың ынтасын арттыратын жағдай жасалды. Тамыз кеңесінде де айтылғандай, мұндай бастамалар өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам болып отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Screenshot

Алматы облысында алма жинау басталды: шаруашылық өндірісті кеңейтіп жатыр

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz