Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сұлтанғазиев: Қайыңды жолын жөндеуге 2,4 миллиард теңге бөлінді

Мемлекет басшысының туристік аймақтардағы инфрақұрылымның әлсіздігіне қатысты сынынан кейін өңір әкімдері аталған бағыттағы жұмысты жандандыра бастады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қайынды көліне апаратын жолды жөндеу және Капшагай мен Қонаев қаласындағы жағажай қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкімнің айтуынша, ұзындығы 12 шақырым болатын Қайынды көліне апаратын жолды күрделі жөндеуге қатысты мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенімен, бюджет тапшылығына байланысты жоба бірнеше мәрте кейінге шегерілген. Уақыт өте келе құжаттар өзектілігін жоғалтып, қайта пысықтауды қажет еткен.

2025 жылы жобалық-сметалық құжаттама қайта жаңартылып, жөндеу жұмыстарының жалпы құны 2,4 миллиард теңге көлемінде белгіленді. Оның ішінде 1,5 миллиард теңгесі алдағы жылы игеріледі.

– 14 шілде күні конкурс жарияланды. Егер мердігер компания уақтылы анықталса, тамыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады, – деді өңір басшысы.

Қапшағайдағы жағажайлар қауіпсіздігі – бақылауда

Облыс әкімі Қапшагай су қоймасындағы жағажай инфрақұрылымына да назар аударды. Соңғы уақытта тіркелген қайғылы оқиғалар – атап айтқанда, суға батып кеткен әйелдің өлімі – жағажайларда қауіпсіздік талаптарының сақталмауын көрсеткен.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, көптеген жағажайлар жеке кәсіпкерлерге жалға берілгенімен, қауіпсіздікке жауапты құрал-жабдықтар мен құтқарушылар қарастырылмаған.

«Оқиға орын алған жер телімі белгілі бір мерзімге жалға берілген. Қазір бұл учаскенің заңдылығы тексеріліп жатыр. Нәтижесіне қарай тиісті шешімдер қабылданады. Капшагай жағалауындағы қауіпсіздік мәселесін кешенді түрде шешу қажет», – деді әкім.

Сондай-ақ, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару басқармасына су қорғау аймағындағы 48 гектардан астам жерді қамтитын 18 учаскеге қатысты материалдар жолданып, соның ішінде 31 гектарды қамтитын 12 учаске бойынша заңбұзушылықтар анықталып, нұсқамалар берілген.

Қонаев қаласы аумағында бүгінде 140-тан астам демалыс орны мен 8 коммуналдық жағажай бар. Алайда жағалауда жерді жалға алған 43 кәсіпкер өз учаскесін тиісті талаптарға сай абаттандырмай, қажетті инвестиция құймай немесе басқа инвесторларға ұсынбай отыр. Бұл – өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыруға едәуір кедергі келтіруде.

Мемлекет басшысының сынынан кейін өңір әкімдігі туризм инфрақұрылымын дамытуға нақты кіріскенін көрсетіп отыр. Қайынды көліне баратын жолдың жөнделуі мен жағажай қауіпсіздігін арттыру – осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz