Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шыршаны заңсыз кескендерге 3,7 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кескендер қанша айыппұл арқалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Әкімдік мәліметінше, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында елімізде қылқан жапырақты ағаштарды (шырша, қарағай және басқалары) заңсыз кесу жағдайлары жиі кездеседі. Әсіресе шыршалар дүкендерде және базарларда сатылады, бірақ оны заңсыз кесу — экологиялық қауіпті әрекет ғана емес, сондай-ақ құқықбұзушылыққа жатады.

Әкімдік орман қорының ағаштарын заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін қатаң жазалар қарастырылғанын ескертеді. Егер келтірілген шығын 50 АЕК-ке тең болса, жеке тұлғаларға 369 200 теңге айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 1 107 600 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 476 800 теңге, ал ірі кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға 3 692 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Егер келтірілген зиян мөлшері 50 АЕК-тен асса, құқық бұзушылық қылмыстық кодекс нормалары бойынша қаралып, әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылмайды.

«Жаңа жылдық шырша мен қарағайларды заңсыз кесу ауыр салдарға әкелетінін ескере отырып, тұрғындар мен кәсіпкерлерді табиғатты қорғауға шақырамыз. Орман байлығы – еліміздің баға жетпес қазынасы, оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп мәлімдеді әкімдік.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz