Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасы бойынша Азат ауылының тұрғыны Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге кірді. Бір жыл бұрын олардың баспанасы өрт салдарынан түгелдей жанып кеткен болатын, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оқиғадан кейін облыс әкімінің жеке бақылауымен аудан әкімдігі мен меценаттар қолдау көрсетіп, отбасыға жаңа үй салу туралы шешім қабылданды. Қысқа уақыт ішінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, заманауи талаптарға сай тұрғын үй бой көтерді.

Жаңа үй барлық қажетті инженерлік жүйелермен, жылыту және тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құрылыстың әр кезеңі қатаң бақылауда болды.

Бүгінде Шерзат Полаттың отбасы жаңа шаңырақтың табалдырығын аттап, қоныс тойын атап өтті.

«Бізге көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін облыс және аудан басшылығына, барша жомарт жандарға алғыс айтамыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі жаңа өмірдің бастауы», – деді Шерзат Полат ризашылықпен.

Әкімдік өкілдері атап өткендей, бұл игі іс – өңірде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және қиын жағдайға түскен тұрғындарға нақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың бір көрінісі.

Жаңа баспана тек бір отбасының қуанышы ғана емес, қайырымдылық пен бірліктің үлгісі болды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz