Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шерзат Болат ісі: айыпталушылардың төртеуі бұрын сотты болғаны белгілі болды

Талдықорғанда өтіп жатқан басты сот отырысында Шерзат Болаттың ісі бойынша айыпталған тоғыз адамның төртеуі бұрын сотталғаны анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сот процесінің басында судья әрбір айыпталушыдан жеке деректерін айтып беруін сұрады. Осы сәтте олардың білімі, отбасы жағдайы, жұмыс орны және бұрынғы соттылықтары жайлы мәліметтер белгілі болды.

Айыпталушылардың кейбіреулері ауыр қылмыстар үшін бұрын жазаға тартылған, мысалы:

  • Шыңғыс Белғожаев – 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған;

  • Равиль Сакиев – прокурор талабын орындаудан бас тартқаны үшін 2,6 жылға шектелген;

  • Нұрқияс Ілиясов – орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін сотталған, мерзімі әлі өтелмеген;

  • Азамат Тоқтаубаев – 2024 жылы қауіпсіздігі орташа колонияға 7 жылға сотталған.

Қалған бес айыпталушының кейбірі бұрын тергеуге іліккенімен, сотталмаған. Сонымен қатар, іс фигуранттарының арасында кәмелетке толмаған мектеп оқушысы да бар.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz