Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Салықтың басым бөлігі ойын бизнесінен түседі — облыс әкімі

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қаладағы казинолардың жұмысы мен олардың мемлекетке әкелетін пайдасы көпшілікті алаңдатып келеді. Осы сұрақтарға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Казино және ойын бизнесі бойынша салық айтарлықтай көп түседі. Қазақстанда казинолар екі өңірде бар, оның бірі – Ақмола облысы, екіншісі – біздің облыс. Қалада 5 казино мен 6 ойын автоматтары залы бар. Лудоманияға байланысты заң қабылданып жатқаны белгілі. Оларға қатаң бақылау қажет, әсіресе жас шектеуін енгізу керек. Бұл салада бақылау болғаны дұрыс, себебі бүгінгі ең өзекті мәселе – лудомания, әсіресе онлайн казино мен онлайн ставкалар. Оффлайн казиноға келген адам төлқұжатын көрсетуге міндетті, ал құқық қорғау органдары немесе туыстарының талабы бойынша олардың кіруіне тыйым салынуы мүмкін», – деді әкім.

Сұлтанғазиев казиноға шетелдіктерді тарту тәжірибесіне де тоқталып өтті.

«Шетелдерде, мысалы, Оңтүстік Кореяда, казиноларға жергілікті тұрғындарға кіруге шектеу бар. Бұл тәжірибені бізде де қолдануға болады, өйткені туризмді дамыту маңызды. Мысалы, тауға шыққан турист кешкі уақытта демалғысы келеді: бірі шоппингке, мейрамханаға барса, арасында ойынға құмарлары да бар. Алматы облысында шамамен 11 туристік бағыт бар. Сондықтан осы тәжірибені біз де пайдалана аламыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz