Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қосқұдық ауылында еріген суды бұру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылдың 10 наурызында сағат 17:20-да Қонаев қаласы Қосқұдық ауылында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар күрт еріп, ауылға су басу қаупі төнді. Қазіргі уақытта, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қауіп сейілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
11.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 10 наурызда сағат 17:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласы Қосқұдық ауылында ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+5С жылуға дейін) қардың күрт еріп, Қосқұдық ауылының солтүстік-батыс бөлігінен егістіктерден және жазық жерлерден еріген судың келуі туралы хабарлама келіп түсті.

Нәтижесінде, Түрксіб көшесінде 5 аула аумағына су кірген (осы көшеде барлығы 30 тұрғын үй бар). ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштеріммен инженерлік техниканы (1 экскаватор) пайдалана отырып, жиналған еріген суды бұру арықтарды қазу әдісімен бұру жұмыстары жүргізілуде.

ТЖ Департаментінің 30 қызметкері, 5 техника бірлігі және 3 мотопомпасы , жергілікті атқарушы органдардың 4 адам және техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 11 наурыз сағат 11:00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі төмендеді, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде, арықтарды қазу жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысыеріген қар суыҚонаев қаласыҚосқұдық ауылысу басу қаупі

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz