Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы антифриз зауыты өнім көлемін 60 мың тоннаға арттырмақ

Алматы облысының орталығында көліктерге арналған түрлі сұйықтықтарды өндіретін Қазақстандағы жалғыз зауыт – «Bagashar meken» ЖШС орналасқан. Бүгін біздің редакцияның тілшілері зауыттың тыныс-тіршілігімен, алдағы жоспарымен танысып қайтты.

25.04.2023
Аймақ
Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

«Зауыттың іргетасы осыдан 15 жыл бұрын қаланған. Қазіргі таңда бұл зауыттың жылдық қуаттылығы – 35-40 мың тонна. 200 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Бүгінде зауыт аумағында үлкен қойма салып жатырмыз. Келесі жылдан бастап жылына өндірілетін өнім көлемін 60 мың тоннаға жеткізбек жоспарымыз бар. Ол кезде қосымша 100 адамды жұмысқа аламыз», – деді серіктестіктің өндіріс бөлімі директорының орынбасары Арман Шалтабаев.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Компанияға мемлекеттік қолдау «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан көрсетілген.

«Отандық брендке айналған «Kzcool» антифризін былтыр шығара бастадық. Ал ең алғашқы тауарымыз – «Nord» антифризі. Бұдан бөлек, мұнда «AdBlue» атты дизель отынына араластырылатын сұйықтық өндіріледі. Ол жүк көліктерінен қою қара түтін шықпауына әсер етіп, экологияға зиян келтірмеуге ықпал етеді. Сонымен қатар суыққа төзімді әйнек жуғыш сұйықтықтарды да өндіріп жатырмыз», – деді серіктестік маманы.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

1 of 5
- +

Оның сөзінше, тауарлар Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға жіберіледі. Бүгінде антифриздерді Ресейге экспорттау көзделіп отыр.

«Зауыт 4 бөлімнен құралған. Олар: сұйықтық құйылатын арнайы ыдыстар шығаратын бөлім, тауар сапасын тексеретін лаборатория, өнімдер ыдысқа құйылатын жер және қойма. Ал шикізат толық шетелден әкелінеді. Қызметкерлердің орташа жалақысы 150-200 мың теңге аралығында», – деді Арман Шалтабаев.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Сондай-ақ Арман Шалтабаев зауыттың әкімшілігі тұрақты түрде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қаржылай немесе заттай көмектесіп отыратынын да атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыантифризБасты жаңалықтарзауытҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz