Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

Бүгін Қонаевтағы туристік-спорттық ойын-сауық кешені ASP Arena-да қысқы дрифт шоу өтіп жатыр. Шара 16 қаңтар күні басталған. Бүгін ақтық мәре өтуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараны тамашалауға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те келді.

Дрифт шоу үшін ауданы 20 600 шаршы метрді құрайтын Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылды.

Көлік жарысына әлемнің түкпір-түкпірінен жүргізушілер жиналған. Көрермен үшін мейрамхана жұмыс істеп тұр және тегін ыстық шай, кофе ұйымдастырылған.


Сыйлық қоры жекелей қатысушыларға 1000 АҚШ доллары мен командалық есепте 2000 АҚШ долларын құрап отыр. Дрифт шоудан кейін AFTERPARTY өтеді. Оның хедлайнері – Нигатив және V$XV PRiNCE.

Сондай-ақ бүгін Қонаев қаласының әкімдігі білім, спорт және әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесіп, 500 балаға тегін коньки тебу демалысын ұйымдастырды.

Жалпы ASP arena — Қонаевта жүзеге асып жатқан ірі инвестжобаның бірі. Арена аумағында қонақ үй кешені, мейрамхана, картинг, 3200 көрермен сиятын трибуна салынған. Жалпы аумағы 63 гектарды құрайды. Тартылатын инвестиция көлемі — 8,1 млрд.тг. Аталған нысан қалада туризмді, автоспортты дамытуға ерекше мүмкіндік береді. Инвесторлардың сөзінше, бір күндік демалысқа жатын орын, мұз айдынына кіру, мейрамхана, картинг қосқанда 35000 теңге жұмсалады. Бағалар — қолжетімді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz