Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласындағы жағажайларда санитарлық талаптар мен қауіпсіздік қатаң бақылауда

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта №6 жағажай аумағында 40 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Барлық кәсіпкерлер сенімгерлік басқарушы компаниямен келісімшарт жасап, жалға алған аумақты күтіп ұстау бойынша нақты міндеттемелер алған. Олар күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізуге, тапшандарды дезинфекциялауға, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру құралдарын орнатуға және жағажай аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, №6 жағажайда 45 қоқыс жәшігі, 10 контейнер және 3 әжетхана орнатылған. 30 жұмысшы мен 2 арнайы техника күнделікті тазалыққа жауапты. Қауіпсіздік шараларын 10-нан астам құтқарушы қамтамасыз етіп отыр, медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. Сонымен қатар, жағажай аумағы бейнебақылау камераларымен жабдықталған, мониторинг күн сайын жүргізіледі.

Ал №5 жағажайда демалушылар үшін 6 әжетхана (28 бөлме), 5 жуыну орны, 6 киім ауыстыратын бөлме, 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке және 25 контейнер орнатылған. Бұл жағажайда жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған бейнебақылау қолданылады.

Жағажайларда тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция қызметкерлері тұрақты түрде кезекшілік атқаруда.

Күн сайын №6 жағажайға 4–5 мың адам, ал №5 жағажайға 1 500–2 000 адам келеді. Демалыс күндері бұл көрсеткіш бірнеше есе артып, жағажайлардағы халық саны күрт көбейеді.

Алматылық тұрғын Мұрат Амангелдиев жағажай инфрақұрылымына оң бағасын берді:

«Әр демалыс сайын отбасымызбен №5 жағажайға келеміз. Мұнда таза, қауіпсіз, ересектер мен балаларға барлық жағдай жасалған. Құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің болуы – біз үшін маңызды. Киім ауыстыратын бөлмелер бар, ал балаларға арналған ойын алаңдарының көбірек болғанын қалаймыз. Ең бастысы – тазалық пен тәртіп, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау – мәдениеттіліктің белгісі».

Санитарлық талаптар бойынша Қапшағай су қоймасынан ай сайын су сынамасы алынып, зертханалық тексерулер жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нариман Орынбасарұлының айтуынша, су санитарлық талаптарға толық сай келеді және шомылуға рұқсат етілген.

Жағажай маусымы басталғалы қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылып, тұрғындарға жалпы сомасы 1 376 200 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Қала әкімдігі жағажайларда санитарлық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Келісімшарт талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге шара қолданылатыны, ал демалушылар тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жеке жауапкершілік алуы тиіс екені ескертілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz