Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Қонаев қаласында жазғы маусым басталғалы тұрғындар үшін түрлі мәдени және экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі — «Таза аула» конкурсы. Бұл байқаудың мақсаты — қала тұрғындарының тазалық мәдениетін қалыптастыруға, аулаларды абаттандыруға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Aspan fest» ән фестивалінің алғашқы концерттік кеші барысында «Таза аула» конкурсының алғашқы кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Қала әкімі Асхат Бердіханов байқауда белсенділік танытып, Қонаевтың көркіне көрік қосқан тұрғындарға алғыс білдіріп, арнайы сыйлықтар табыс етті.

Жүлдегерлер тізімі:

  • 3-орын — Лилия Петрушина, Қойшыманов көшесі №6 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын көгалдандыру жұмыстары үшін марапатталды.
    Сыйлық: 100 мың теңге сертификаты.

  • 2-орын — Абдували Асылбеков, 5-шағын аудан, №56 көпқабатты үй тұрғыны.
    Сыйлық: 200 мың теңге сертификаты.

  • 1-орын (Бас жүлде) — Ольга Попова, 3-шағын аудан, №28Б көпқабатты үй тұрғыны.
    Сыйлық: 300 мың теңге сертификаты.

Конкурс барысында қала аумағында тазалық пен көгалдандыру бойынша үздік нәтижелер көрсеткен аулалар анықталды. Жеңімпаздар өз аулаларын сәндеуде ерекше шығармашылық танытып, көршілер арасында ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті.

Айта кету керек, бұл «Таза аула» байқауының алғашқы кезеңі ғана. Байқау алдағы уақытта да жалғасын табады, жаңа кезеңнің басталуы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Аталған шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты — қоғамда тазалық пен абаттандыру мәдениетін қалыптастыру. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz