Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында қоқыс полигоны жаңғыртылуда

Қонаев қаласының шетінде орналасқан, аумағы 30 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың барысымен қала әкімі Асхат Бердіханов танысып қайтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Қонаев Көркейту» ШЖҚ МКК директоры Қанат Азаматовтың айтуынша, полигонда көлемі 30 текше метрді құрайтын су жинақтаушы резервуар салынуда. Бұл нысан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұдан былай өрт шыққан жағдайда су жеткізуге уақыт жоғалтпай, дереу сөндіру шараларын жүргізу мүмкіндігі болады. Бұған дейін полигонда мұндай инфрақұрылым қарастырылмаған еді.

Сонымен қатар, өрттің алдын алу мақсатында арнайы техника тәулік бойы кезекшілікке қойылады. Бұл шара қауіпсіздікті күшейтумен қатар, өрт ошақтарын жедел сөндіруге мүмкіндік береді.

Санитарлық талаптарға сәйкес, полигонның айналасына қоқыстардың ұшуын және малдың кіруін болдырмау үшін ор қазылып, темір тормен қоршау жұмыстары жүргізілуде. Белгілі бір учаскелерге бетон қоршаулар орнатылып жатыр.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында полигонның алдыңғы беті көгалдандырылып, арнайы техника үшін таразы орнатылады. Сондай-ақ, көліктерге арналған жуу аймағы да жабдықталатын болады.

Жаңғырту жұмыстары полигонның санитарлық-экологиялық талаптарға сай жұмыс істеуіне және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz