Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы ауысты

Бүгін Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІХ сессиясы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қалалық мәслихаты

Фото: Қонаев қалалық мәслихаты

Cессияға Қонаев қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Болат Тәутенұлы Садықов төрағалық етті.

Күн тәртібінде «Қонаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру, Қонаев қаласы мәслихатының төрағасын босату және сайлау сұрақтары көтерілді.

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев «Қонаев қаласының құрметті азаматы» атағына лайықты деп Марат Радақұлы Қалғұновты ұсынды. Қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты қолдап, бекітті. Марат Радақұлы Қалғұновқа Ауған соғысының ардагері ретінде ауған жауынгерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда және тұрмыстық жағдайларын жақсартуда белсене жұмыс істеп келе жатқан еңбегін ескере келе «Қонаев қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе Қонаев қаласы мәслихатының төрағасын босату және сайлау.

«Қайрат Нұраханұлы бұл қызметте 18 жыл отырды. Ол кісінің еңбек жолы мен тәжірибесі өте мол. Дегенмен, біз қазір Жаңа Қазақстанды дамыту жолында болғандықтан, төрағаны да жаңадан сайлау керек деп есептеймін. Бұл шешім қаланың әлеуметтік маңызы бар мәселелерінің шешуде біраз жаңашылдықтар алып келеді деп ойлаймын», — деді Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Рустам Джарлаев.

Төрағалыққа Серікбай Шәмшіұлы Нұржанов ұсынылды. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 6 адам Серікбай Нұржановтың кандидатурасын қолдап, 4 адам қалыс қалды. Ал қарсылық білдіргендер болған жоқ. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Серікбай Шәмшіұлы Нұржанов Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы лауазымында осы уақытқа дейін Ахметтаев Қайрат Нұраханұлы болды.

Еске салайық, бұған дейін депутаттар мәслихат төрағасын ауыстыру туралы бірнеше рет өтініш жазғанын, бірақ ол өтініштердің қаралмай келе жатқанын жазған болатынбыз.

Тегтер: «Қонаев қаласының құрметті азаматы»Ахметтаев Қайрат НұраханұлыБасты жаңалықтарҚонаев қалалық мәслихатымәслихат сессиясымәслихат төрағасыСерікбай Шәмшіұлы Нұржанов

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz