Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Атом энергиясы жөніндегі агенттік бүгін, 25 қыркүйекте сағат 12:00-де Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы атом электр станциясына үздік атау таңдау бойынша жалпыхалықтық конкурс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Агенттік мәліметінше, конкурсқа әрбір қазақстандық қатысуға мүмкіндік алады. Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Қосымшаның басты бетінде «АЭС-ке атау ұсыныңыз» атты арнайы баннер орналастырылған. Сондай-ақ пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.

«Бұл бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін, мәні терең атау таңдау», – делінген ресми хабарламада.

Конкурсқа қатысу үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • қосымшада тілді таңдау (қазақ немесе орыс тілінде);

  • атом электр станциясына өз нұсқасын ұсыну;

  • атаудың мағынасын қысқаша түсіндіру (міндетті емес);

  • конкурстың ресми қағидаларымен танысқаныңызды растау.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтынан және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларынан танысуға болады.

Ұйымдастырушылар барша азаматты еліміздің энергетика саласының жаңа тарихын жазуға үлес қосуға, Қазақстанның алғашқы АЭС-іне өз ұсынысын жолдауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz