Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаскелең қаласында әлемге әйгілі киноакадемия өз жұмысын бастады

Алматы облысында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласында айтулы оқиға болды. Қаскелең қаласында Орталық Азиядағы алғашқы америкалық кино мектебі – New York Film Academy Kazakhstan (NYFA) салтанатты түрде ашылды. Академия жаңа кампусын Energo University және Dala Edge креативті паркі базасында орналастырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шараға New York Film Academy президенті және бас атқарушы директоры Майкл Янг, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, АҚШ-тың ресми өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік кино мен медиа индустриясының қайраткерлері қатысты.

Ашылу рәсімі ерекше кинематографиялық форматта өтті. Қонақтарды кино түсіру алаңын еске салатын «дубль түсіру» қойылымы қарсы алды. Шара барысында студенттер өз өнерлерін паш етіп, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жаңа академияның мәдени және шығармашылық әлеуетіне тоқталды. Қонақтар кампустың инфрақұрылымымен танысып, онда кітапхана, заманауи дәріс залдары, дыбыс жазу және монтаждау студиялары көрсетілді.

Ашылу күні халықаралық және отандық мамандар студенттер мен қатысушыларға арнап шеберлік сабақтарын өткізді. Олардың қатарында:

  • NYFA режиссері әрі оқытушысы Роб Пьетри,

  • актер және импровизация шебері Марк Мочаби,

  • AR және ойын технологиялары маманы Кевин Кейтон,

  • продюсер және режиссер Майкл Хсюэ,

  • клипмейкер және кинорежиссер Ладо Кватания,

  • қазақстандық кинопродюсер Қуаныш Бейсек,

  • Голливуд сценарисі Гүлжан Токтогұл,

  • режиссер және Unreal Engine маманы Болат Ақназаров,

  • визуалды эффектілер сарапшысы Денис Вежновец,

  • сценаристер Санат Шапашов пен Сергей Литовченко,

  • NYFA актері әрі оқытушысы Тодд Бруно бар.

Кеш соңында «CIS MEDIA MARKET TOMORROW: CHALLENGES, FOCUS, COMMUNITY» атты панельдік талқылау ұйымдастырылып, аймақтық медианарықтың даму бағыттары мен болашағы сөз болды.

NYFA президенті Майкл Янг:

«Біз New York Film Academy-дің Қазақстанда ашылғанына мақтан етеміз. Бұл тек білім беру жобасы ғана емес, аймақ таланттарын біріктіріп, оларды әлемдік кино индустриясына жолдама беретін алаң болады», – деді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жобаның стратегиялық маңызын атап өтті:

«Жаңа академия – елімізде жетекші әлемдік университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі бастаманың жемісі. Бұл – білім беру мен креативті индустрияға қуатты серпін беретін маңызды қадам. Академия өңірімізді мәдени әрі технологиялық орталыққа айналдырып, Қазақстан ғана емес, шетелден де дарынды студенттерді тартуға мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.

Жастарға жаңа мүмкіндіктер

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде 2 миллионнан астам тұрғын бар, оның 30 пайыздан астамы – жастар. Бұл жаңа білім беру жобалары мен шығармашылық кеңістіктерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Жаңа академия кино, медиа және креативті индустрия саласында білікті мамандарды даярлайтын ірі орталыққа айналып, аймақ пен елдің дамуына серпін бермек.

New York Film Academy Kazakhstan – Қазақстан жастарының әлемдік кино және медиа сахнасында жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын заманауи білім ордасы болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz