Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жаңа автобус бағыттары ашылды

Қарасай ауданында қоғамдық көліктердің қатары артып, тұрғындар үшін қолайлы жаңа бағыттар іске қосылды. Жуырда «Алтын орда» базарынан Тұрар және Батан ауылдарына қатынайтын №6 мен №7 автобус бағыттары ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа автобустардың алғашқы сапарында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов пен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов олардың жай-күйімен танысып, жүргізушілермен тілдесті. Қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі мен сапасына ерекше мән берілді.

Ермек Беғазыұлының айтуынша, өңірде қоғамдық көлік қызметін жақсарту жұмыстары жалғасады, ал жолаушылардың жайлылығы басты назарда болмақ.

Жаңа бағыттарда электронды төлем жүйесі енгізілді. Жолаушылар жолақысын SMS-хабарлама, көлік карталары және банк карталары арқылы төлей алады.

Қазіргі таңда 12 автобус іске қосылды:

  • №6 «Тұрар – «Алтын орда» базары» бағыты бойынша – 7 автобус;
  • №7 «Батан – «Алтын орда» базары» бағыты бойынша – 5 автобус.

Қоғамдық көліктер таңғы 6:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетіп, әр 20 минут сайын жүреді. Жолаушылар тасымалына Алматы облысының жолаушыларды тасымалдау компаниясы жауапты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz