Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағайда жоғалған ер адамның мәйіті 5 күннен кейін табылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының бортынан жағадан 5-6 шақырым қашықтықта су бетінде ер адамның денесі анықталды. Оны Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жағаға жеткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іздестіру жұмыстары 31 тамыздан бері тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Оған тікұшақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, гидроакустикалық «Эхолот» құрылғысы, сондай-ақ 17 құтқарушы, 3 техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, 31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында 9-шы насос станциясы маңында екі ер адам отырған қайық аударылып кеткен. Олардың бірі жағаға өздігінен шықса, екіншісі із-түссіз жоғалған еді.

«Алғашқы сағаттардан бастап Алматы облысы ТЖД құтқарушылары ауқымды іздестіру жұмысын жүргізді: моторлы қайықтардың көмегімен 30 шақырымға жуық аумақ тексерілді, сүңгуірлер бірнеше мәрте су астына түсті, шамамен 15 шақырым жағалау сызығы қаралды және әуе мониторингі үшін ҰҰА қолданылды.

Алматы облысы ТЖД қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Құтқарушылар тағы да ескертеді: судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, тек жарамды жүзу құралдарын пайдаланыңыздар және міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіздер.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласу қажет.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz