Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қайтарылған жер көлемі тым аз». Облыс әкімі Талғар ауданының әкіміне ескерту жасады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында тұрғындармен кездесуде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аймақ басшысы аудан бойынша бұл бағыттағы жұмыс қарқынының тым төмен екенін атап өтіп, жерді тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығының дамуы мен өңір экономикасының өркендеуіне тікелей ықпал ететінін айтты.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару – Мемлекет басшысының қатаң тапсырмаларының бірі. Бұл міндет елдің жер ресурстарын тиімді пайдалану, бос жатқан алқаптарды нақты жұмыс істейтін шаруаларға беру арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Биыл Алматы облысында 366 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жері анықталды. Соның ішінде 49,7 мың гектары немесе 13,6 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерлер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілмек.

Талғар ауданында жалпы көлемі 33,9 мың гектар бос жатқан жер тіркелген. Алайда оның небәрі 123 гектары (0,4 пайызы) ғана мемлекетке қайтарылған. Сонымен қатар, қоғамдық жайылым қорын толықтыру мақсатында 0,4 мың гектар жер бөлінді.

Облыс әкімі аудан басшылығына бұл жұмысты жеделдетуді және нәтижелілігін арттыруды тапсырды. Ендігі мақсат – қайтарылған жерлерді шын мәнінде еңбек ететін, өнім өндіруге ниетті шаруаларға беріп, ел игілігіне жарату.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Қайыңды көліне апаратын жаңа жол тамызда пайдалануға беріледі

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Алматы облысының таулы аймағында құрғақ шөп өртенді

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Заң үстемдігі – әділетті қоғам мен тұрақты дамудың кепілі

Диана Ахметова
21.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
21.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz